
Өскемен-Қалбатау тас жолында Қалбатау ауылынан 20 км қашықтықта құтқарушылар 4 адамға көмек көрсетіп, жергілікті қонақ үйге жеткізді.
Көкпекті ауданында жолда қалған 8 ересек пен 1 баланы да туыстарына орналастырылды.
Сонымен қатар, Алматы-Өскемен тас жолында автокөлік қозғалысын шектеуге байланысты Зайсан-Өскемен автобусының 28 жолаушысы Қалбатау ауылындағы жылыту пунктіне орналастырылды.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден жолдарда абай болуды және жолға қажетсіз шықпауды сұраймыз.
Барлық қызметтер жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Семей қаласының кейбір аудандарында жарық өшіп қалған болатын. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Кейбір учаскелерде жұмыс жалғасуда.
Сонымен қатар, 20.00 - ден бастап Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы көліктердің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолы жабылды. 21.10 бастап Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл республикалық маңызы бар жол жабылды.