
Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan - 2022» кәсіби шеберліктің Республикалық чемпионаты өтті, оған ТжКБ жүйесінің 500-ден астам студенттері мен республиканың барлық аймақтарынан келген жастар, сондай-ақ Сарапшылар қауымдастығы мен бизнестің 500 өкілі қатысты. Абай облысының намысын 8 колледжден 30 қатысушы қорғады.
Біздің команда жоғары нәтиже көрсетті, атап айтқанда Республиканың 20 командасы арасында 3-орын жеңіп алды. Біздің қоржынымызда 5- алтын,1- күміс және 4 қола медаль! «Үздік» атанған 11 студент. Кәсіби шеберліктің чемпиондары ретінде 9 құзыреті бойынша 10 студент танылды:
1 орын - Байжуманова Диляра- «Шаштараз ісі» (Бизнес және сервис колледжі)
1 орын - Лютаева Екатерина- «Мейрамхана қызметі» (Бизнес және сервис колледжі)
1 орын - Талгатов Дастан- «Ақпараттық кабельдік желілер» (Радиотехника және байланыс колледжі)
1 орын - Оразгалиев Ансар- «Мехатроника» (Электротехникалық колледжі)
1 орын - Курманбеков Ернияз- «Мехатроника»( Электротехникалық колледжі)
2 орын - Тютюник Павел «Прототиптеу» (Радиотехника және байланыс колледжі)
3 орын - Құмарбеков Нұралы- «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» (Құрылыс колледжі)
3 орын - Байдюсенов Амир- «Плиткамен қаптау жұмыстары» (Құрылыс колледжі)
3 орын - Қабидолла Кәусар- «Сән технологиясы» (Бизнес және сервис колледжі)
3 орын - Сейтказин Темирлан- «Электромонтажды жұмыс» (Электротехникалық колледжі)