
Бала-бақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, Ақ ой ауылының тұрғындары қатысты. Шара барысында Ділдәбек Тәжібайұлы ауыл тұрғындарын әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, бала-бақшаның ашылуына демеушілік көрсеткен бірқатар азаматтарды марапаттап, алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар атқарылатыны туралы атап өтті.
Осыған дейін Көкпекті ауданында 7 бала-бақша, 5 шағын орталығы қызмет еткен болатын. Алайда, Ақ ой сияқты шағын ауылдарда бала-бақшалар мен шағын орталықтар болмағандықтан 2-5 жас аралыңындағы балалар мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілмей отырған болатын.
Алдағы уақытта аудан әкімінің бастамасы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен тағы 15 бала-бақша мен шағын орталық ашу жоспарлануда.