USD474.83EUR515.38RUB5.5

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысының тұрғындарымен кездесті

09 желтоқсан 2022, 15:16
Жиналған қауымға криминогендік ахуал туралы ақпарат беріп, ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы хабарлады.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысының тұрғындарымен кездесті

– Еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты және ұдайы бақылауда. Биыл 143 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Қоғамдық орындарда (-7%), көшелерде (-11%), мас күйде (-11%), отбасылық тұрмыстық жағдайда (-6%) жасалған қылмыстар азайды. Абай облысы бойынша жағдай ұқсас. Осы өңірге барлық қылмыстардың 3%-ы тиесілі (123 536-дан 3 624). Жыл басынан бері ол 6%-ға азайды. Оның ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, алаяқтық, мал ұрлығы, бұзақылық сынды қылмыс түрлері бар, – деді ІІМ басшысы.

Негізінен облыстың барлық ауданында қылмыс деңгейі төмендеген. Кездесуде ведомство басшысы басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.

Өңір тұрғындарының бірі жергілікті тәртіп сақшыларының қызметіне ризашылығын білдіріп, министрге жылы лебізін жеткізді.

– 26 қараша күні Абай ауданында қатты дауыл тұрып, боран болды. Сол күні мал бағатын ағам қыстақтан шығып кетіп, адасып қалған. Біз оны таба алмадық. Сосын 102 арнасына қоңырау соғып, полицияға жүгіндік. Полиция қызметкерлері ағамызды тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Оларға айтар алғысым шексіз, – деді Қарауыл ауылының тұрғыны Еркебұлан Сағындықов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar