USD502.47EUR525.83RUB5.68

«Үздік еңбек әулеті»

07 желтоқсан 2022, 16:24
Абай облысынан Түкібаевтар әулеті «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
«Үздік еңбек әулеті»

Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш конкурс жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, еңбек адамдарының жұмысын насихаттау мақсатында «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» атты номинациялары бойынша марапатталды.

Түкібаевтар отбасы теміржолшылар әулеттерінің арасында ерекше орын алып отырған жанұя. Ақсақал Түкібаев Мәукен темір жол саласындағы өзінің қиыншылықтарға толы еңбек жолын 1934 жылы пойыз кондукторы болып бастаған. Мәукен ата станса кезекшісі қызметін де атқарды. 1934 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Мәукен атаның ұрпақтары теміржолшы қызметін атқарып келеді.

Конкурстың лауреаттары республикалық комиссияның отырысында жарыстың аймақтық кезеңінде жеңімпаз атанғандардан іріктелді. Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, әлеуметтік серіктестер, «Атамекен» ҰҚП мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кірді.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Абай облысының Тукубаевтар әулеті жеңімпаз атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Ковалевтар әулеті, ал үшінші орынды Ұлытаулық Бекмағанбетовтар әулеті қанжығасына байлады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar