USD502.47EUR525.83RUB5.68

Жағымды жаңалық!!!

07 желтоқсан 2022, 14:52
Абай облысында желтоқсан айынан бастап "Tabysty otbasy" әлеуметтік жобасы басталды
Жағымды жаңалық!!!

"Отбасы" әлеуметтік-мәдени қоры ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап аз қамтылған және көп балалы отбасылардың мүшелерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған  аналарды/әкелерді, халықтың әлеуметтік - осал топтары арасынан 29 жасқа дейінгі креативті жас азаматтарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға бағытталған "Tabysty otbasy" әлеуметтік жобасын бастайды.

Бұл жобаның мақсаты: табысты ұлғайтуға жәрдемдесу, жобаға қатысушылардың санасын өзгерту, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру.

Жобаның бірегейлігі - әр жоба қатысушысына жеке даму картасын құру және қолма-қол ақша бермей өз ісін ашуға мүмкіндік беру.

Оқыту бес бағыт бойынша жүргізіледі: сұлулық саласы, әлеуметтік желілерді сүйемелдеу, тігінші, автодәнекерлеуші, кондитер.

Толық ақпарат алу үшін 87054168696 телефон нөміріне хабарласуға болады. (Лаура Берікханқызы)

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar