
Конкурсқа 5 маршрут қойылады:
«Семей – Ақсуат» бағыты
«Семей – Қарауыл» бағыты
«Семей – Әуезов» бағыты
«Семей – Шар» бағыты
«Семей – Шүлбі» бағыты
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Семей қаласы, Достоевский, 110, (318 кабинет) мекенжайы бойынша конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім береді.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 30 желтоқсан.
19 желтоқсанда конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
Анықтама үшін телефон: 87770204499