
Осыған байланысты офицерлердің гарнизондық үйінде "Отан. Армия. Жас сарбаз."
Іс-шараның бастамашылары "Восток" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының басқармасы және Абай облысының білім басқармасы болды.
Форумға облыстың түкпір-түкпірінен үш жүзден астам оқушы қатысып, облыстық "Алау" әскери-спорттық ойынының жеңімпаздары марапатталды.
"Жас сарбаз" қозғалысына қатысушылар үшін Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, қонақтар үшін ашық алаңда қару-жарақ пен әскери техника, әскери киім үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара "Қазақстан Республикасына қызмет етемін!" атты "Восток" өңірлік қолбасшылығының көркемөнерпаздар ұжымының мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.
- Іс-шараның мақсаты - "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандыру болды. Әскери-патриоттық қозғалыс арқылы біз жастардың патриоттық рухын көтеру және оларды Отанымыздың нағыз қорғаушылары етіп тәрбиелеу міндетін қоямыз, - дейді Абай облыстық білім басқармасының өлкетану және әскери-патриоттық бағытының меңгерушісі Болат Құрманов.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі