USD447.4EUR477.55RUB4.76

Абай облысы әкімінің орынбасары төтенше жағдайларға тез арада әрекет етуді тапсырды

29 қараша 2022, 12:38
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ауа райы нашарлаған жағдайда қажет болуы мүмкін барлық техниканы толық әзірлікке келтіруді тапсырды.
Абай облысы әкімінің орынбасары төтенше жағдайларға тез арада әрекет етуді тапсырды

Сондай-ақ, Димитрий Гариков қалалар мен аудан әкімдеріне техниканы ғана емес, төтенше жағдай кезінде кезінде қажет болуы мүмкін үй-жайларды да дайындауды тапсырды.

Олардың қатарында автотұрақ бокстары ғана емес, сонымен қатар қазандық, жылу пункттері, шеберханалар мен құм қоймалары да бар.

Магистралды жолдардағы көліктердің сырғуын жою үшін жанар-жағармай мен көктайғаққа қарсы материалдардың қорын жасау және жылу пункттерінің бар-жоғы мен дайындығын тексеру тапсырылды.

Сонымен қатар, отырыс барысында Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы, «Казахавтодор» ЖШС филиалы, «Семей жолдары» ЖШС Абай облысы полиция департаментімен бірлесіп ауа-райының нашарлауы (температураның төмендеуі, көктайғақ, көрудің шектелуі) кезінде көліктердің қозғалысын шектеу немесе тыйым салуы керек екеніне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «БЭСК» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ энергиямен жабдықтау объектілерінің тұрақты жұмысын және төтенше жағдайларды дер кезінде жоюды қамтамасыз етуі тиіс екендігі ескертілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar