Бесқарағай – мәңгі жасыл қарағайлы орманды жер. Оны тіпті аудан атының өзі айтып тұр.
Реликті қарағайлы орманның бұтақтары бес тәуелсіз орманға бөлінген. Ал 2015 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бөкебай филиалының мамандары қарағайдан көз тартарлық орын жасапты.
Қарағайлы ауылының іргесіндегі мемлекеттік орман қорының шекарасындағы бос жерге орманшылар 50 мың түп көшет отырғызды. Қарағайлар өсіп, «ҚАЗАҚСТАН-2050» жазуын қалыптастырды. Жазудың жалпы ұзындығы 1200 м, әрбір қылқан жапырақты «әріптің» биіктігі 70 м, ені 50 м.
«Қарағайдың қолтаңбасын» құс ұшар биіктіктен және ғарыш станцияларының терезелерінен көрінеді.