USD502.47EUR525.83RUB5.68

Жол құрылысын бақылауды бірлесе күшейтіп, жолаушылар тасымалы тұрғысында халық өтініштеріне жауап беру қажет

28 қараша 2022, 10:53
Бұл туралы Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев атап өтті.
Жол құрылысын бақылауды бірлесе күшейтіп, жолаушылар тасымалы тұрғысында халық өтініштеріне жауап беру қажет

Күн тәртібінде - облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары салаларында мониторинг нәтижелері. Өңіраралық комиссия отырысында Семей қаласының қоғамдық көліктің де күрделі мәселелері қозғалды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Әділхан Сабуровтың айтуынша, қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты сын орынды. Субсидиялау келісімі мәселелерінде толық ашықтық болуы керек.

Бүгінгі таңда Семей қаласында 331 бірлік жолаушылар көлігі 40 бағыт жұмыс істейді.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, «Таксопарк» ЖШС өткен жылдан бері қаланың қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесін (терминалдар, валидаторлар) енгізген. «АвтоТранс Семей» ЖШС мен «Семавтопарк» электронды билет жүйесі операторымен келісімге отырды. Бүгінгі таңда 119 валидатор орнатылды, бұл қаладағы барлық автобустардың 40 пайызы. Барлық автобустарды электрондық билет жүйесіне қосудың мерзімі – ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны.

"Бұл ретте субсидиялау шарттарына толықтырулар енгізілді, бұзушылықтар анықталған жағдайда талаптар күшейтілді. Бүгінгі таңда тасымалдаушылардан 8 миллион теңге ұсталды. Автобустардың желіге шығуы 70%-дан төмен болса, тасымалдаушылармен келісімшартты біржақты бұзу мүмкіндігі бар", - деп түсіндірді Димитрий Гариков.

Жүргізушілердің жетіспеушілігі мәселесі де бар.

"Тасымалдауды субсидиялау үшін біз жолаушылар санын нақты білуіміз керек. Сондықтан біз үшін электронды билеттің маңызы зор. Жолаушылардын нақты санын білгенде, сонда ашықтық болады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар мен оларды алып жүретін адамдарды тегін тасымалдау мәселесі де бар», - деп түсіндірді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысы әкімінің айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту бойынша барлық ұсыныстар қарастырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar