USD443.85EUR474.3RUB4.8

Жас өлкетанушылар конференциясы өтті

24 қараша 2022, 10:24
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өлкетану ғылымын насихаттау және көпшілікке таратуды мақсат еткен, екінші жыл ұйымдастырылып отырған жастар конференциясының бірінші күні өтті.
Жас өлкетанушылар конференциясы өтті

Ұлы жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған шараның ашылу салтанатынан кейін «Табиғат» секциясы бойынша жиырмадан астам баяндама тыңдалды.

Тақырып ауқымы өте кең. Экологиядан бастап туризм саласына дейін. Жас өрендердің көбі оффлайн түрде қатысса, бір бөлігі арнайы коммуникациялық платоформалар арқылы онлайн форматта қатысып баяндамаларын таныстырды.

Ғылыми жұмыстарын ұсынған қатысушылардың арасында қаламыздың колледждерінің студенттері, облыс орталығы мен аудандардың мектеп оқушылары бар.

Қараша айының 23, 24 күндері жас өлкетанушылар «Тарих» және «Мәдениет» секциялары бойынша жазған еңбектерін оқиды.

Конференция нәтижесінде әр секция бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, қарашаның 25-і күні марапаттау рәсімі өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar