
Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында 5 700 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда.
"2023 жылы Семейде 3000 орынға арналған 5 мектеп, Водный кентінде 600 орындық, Аягөзде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектептердің құрылыс басталады. 2024 жылы - Семейде 2700 орындық 6 мектеп, Ақсайда 600 орындық, Қарағайлыда 900 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық, Ақтоғайда (Аягөз ауданы) 300 орындық, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда", - деді Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.