USD484.37EUR531.06RUB5.05

Семейде үнемі көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде

23 қараша 2022, 10:22
22 қараша күні таңғы сағат 4-те желіге 11 бірлік аралас жол техникасы (щеткалар) және 5 бірлік құм таратқыштар шықты.
Семейде үнемі көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде

Таңғы 6-ға дейін барлық аялдамалар, қиылыстар, түсулер мен көтерілулер, жаяу жүргіншілер өткелдері құм-тұз қоспасымен себілген. Жауын-шашын тоқтамағандықтан, таңертең жолдарда көктайғақ пайда болды. Таңертеңгі сағат 4-тен кешке дейін қала көшелеріне инертті материалды қосу шеңбер бойымен 4 рет жүргізілді.

Тротуарларды механикаландырылған тазалауға соқалы-щеткалы жабдығы бар 7 шағын трактор жұмылдырылды.

Сондай-ақ, қаланың барлық көшелерінде баспалдақ маршын, аялдамаларды, жаяу жүргіншілер өткелдерін және жаңа жауған қардан қиылыстарды қолмен тазалау бойынша 76 адам жұмылдырылды.

Гагарин, Шұғаев көшелеріндегі қарды шығаруда 2 бірлік тиегіш және 4 бірлік самосвал жұмыс істейді.

22.11.22 ж. түнінен 23.11.22 ж. дейін қар шығару, жолдарға құм себу-тұз қоспасын себу, жолдарды сыпыру және қарды, мұзды және ойықты кетіру үшін көшелерді грейдинг жұмыстары жоспарланған. Жоспарланған техника саны: 3 бірлік автогрейдер, 13 бірлік КДМ, 6 бірлік құм таратқыш, 3 бірлік тиегіш., 6 бірлік самосвал және 10 жұмысшы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar