
Одан бөлек, республикалық маңызы бар жолдарға Омбы-Майқапшағай, Алматы-Өскемен, Таскескен-Бақты, Семей-РФ шекарасы, Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз, Семей-Қайнар, Өскемен-Семей бағыттары бойынша 37 техника жұмысқа шықты. 7 қар тазалау техникасы Семей – Қарауыл, Аягөз - Қарауыл-Семей, - Қайнар, Мақаншы-Жаланашкөл, Көкпекті-Самар-Васильев, Омбы-Майқапшағай - Долон - Бесқарағай - Қоянбай - РФ шекарасы облыстық маңызы бар жол учаскелерінде жұмыс істеуде. Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарында да қар тазалау техникасы жұмыс істейді.