
Сайлау күні Жарма ауданындағы Задановтар отбасы үшін ерекше болды.
Себебі, жас отаудың қабырғасы қаланған күн Президент сайлауымен тұспа-тұс келді.
Ерлан мен Аяжан некесін қиып, бірден азаматтық борышын өтеу үшін сайлау учаскесіне келді.
«Бүгін біз үшін маңызды күн, өйткені бұл күні біз отбасымызды құрдық. Сондай-ақ, бұл күн бүкіл еліміз үшін тарихи оқиға - Президент сайлауымен тұспа-тұс келді. Біз азаматтық борышымызды орындап, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадық» - деді қалыңдық.