
Үржар әуежайының ұшып қону жолағына қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылы басталып, толық аяқталды.
Аталмыш жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асты. Нәтижесінде ұшып қону жолағының ұзындығы 600 метрге ұзартылып, 2 100 метрді құрады. Сонымен қатар, перрон алаңы екі ұшаққа арналып үлкейтілді.
Әуежайдың ұшып-қону жолағы «Air Astana», «Scat», «FlyArystan», «Qazaq Air» компанияларының ұшақтарын қабылдауға мүмкіндігі бар.