
«Өкінішке орай, ЖРВИ-ны халық байыпты қабылдамайды, адамдар ауру өздігінен өтеді деп есептейді. Бірақ бұл ойлаулары қате. Емханаға бару қажет. Өз бетімен антибиотиктер қабылдау ұсынылмайды. Өзін-өзі емдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ тұмаумен ауырған жағдайда да», - деді Аяулым Әукенова.
Сонымен қатар эпидемиолог жыл сайын тұмауға қарсы екпе алуға шақырады. Биылғы жылы вакцина алуға ниет білдіргендер "Гриппол+" вакцинасын алып, бүкіл маусымға иммунитет қалыптастыра ала алады.
«Гриппол+» вакцинасы тегін. Оны дәрігердің рұқсатымен тіркелген жерінен алуға болады.
Жалпы, халық тұмауға қарсы вакцинацияны алуға белсенді қатысуда.