Олар келесі мекен – жайларда орналасқан: Семей қаласы, Бобровка кенті, Строительная көшесі, 8 – №44 мектеп; Үшактар шағын ауданы 1 – №49 мектеп; Сәтпаев көшесі 218- №2 мектеп; Восход кенті, №34 мектеп; 6-линия көшесі, 18а – №47 мектеп.
Түрлі себептермен тіркеуге үлгермеген және тізімге енгізілмеген қазақстандықтар уақытша тіркелу үшін осы учаскелерге өтіп, дауыс беруге мүмкіндік алады.
«Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша сол кезде еш жерде тіркелмеген азаматтарды бір тәулікке тіркеуге рұқсат береді.
Сонымен қатар, облыстың 125 сайлау учаскесінде "тіркеу мекен-жайын қарау" функциясы бар.