USD491.7EUR531.28RUB5.07

Абай облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде

16 қараша 2022, 10:32
Абай облысының жылу көздеріндегі көмір қоры нормативтік пайдалану қорының 47 мыңын немесе 119% құрайды. Бюджеттік ұйымдардың көмірмен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
Абай облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде

Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болат Әбдіралиев мәлімдеді.

«Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты 100 Гкал/сағ астам 4 ірі жылу көзімен және қуаты 100 Гкал/сағ кем 40 жылу көзімен қамтамасыз етіледі. Жылумен жабдықтау саласындағы негізгі проблема - Семей қаласының оң жағалауындағы жылу энергиясының тапшылығы - сағатына 118 Гкал.

Тапшылықты жабу үшін "Ғаббасов" және "Орталық" қазандықтарын қайта құру жүргізілуде. Жалпы қосымша қуат сағатына 40 Гкал құрайды. Жылумен жабдықтау бойынша барлық жұмыстар уақтылы аяқталды", - деді Болат Әбдіралиев.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar