USD474.83EUR515.38RUB5.5

Көлдетіп суару технологиясы енгізіліп, көпжылдық шөп егіледі

11 қараша 2022, 15:26
Абай облысының Көкпекті ауданында көлдетіп суару технологиясы енгізіліп, көп жылдық шөп егіле бастады.
Көлдетіп суару технологиясы енгізіліп, көпжылдық шөп егіледі

Осының арқасында биыл өңірде шөп бағасы біршама арзандаған.

Қазір Көкпекті ауданындағы су тоспалары жөнделіп, осындай құрылғылар орнатылуда. Бұл көктемгі тасқын суын тежеп, шабындық жерлерге жіберу үшін қажет.

Көкпекті ауданында биыл 10 мың гектарға жуық жерге көлдетіп суғару технологиясы енгізілген. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 20 мың гектардан асыру жоспарланып отыр.

Осы мақсатта биыл Көкжайық ауылындағы Ақтоған су арнасына жөндеу жүргізіліп, 200 гектар аумаққа көп жылдық шөп егілді.

Көкпекті ауданында биыл 2 жарым мың гектар аумаққа көп жылдық шөп егілген. Алдағы уақытта көлдетіп суғару технологиясы 4 ауылдық округте қолға алынбақ. Бұдан бөлек, өңірде алғаш рет жаңбырлатып суғару әдісі енгізілетін болады.

Хабар 24.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar