USD481.68EUR522.48RUB5

Әуе рейстері жиі қатынайтын болады

11 қараша 2022, 10:34
Келесі жылы Абай облысының әкімшілік орталығы Семей қаласына әуе рейстерінің жиілігін арттыру жоспарлануда.
Әуе рейстері жиі қатынайтын болады

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Уранхаевтың FlyArystan компаниясының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннспен кездесуі барысында белгілі болды. Тараптар жолаушылар ағыны мәселелерін және алдағы уақыттағы өңірімізбен компания арасындағы бірлесіп атқаратын жұмысты талқылады.

Нұрлан Уранхаевтың айтуынша, қазіргі рейстер Астана мен Алматыдан келетін жолаушылар үшін аздық етеді. Сондықтан, Абай облысының әкімшілік орталығы мен Қазақстанның ірі қалалары мен елорадсы арасында әуе қатынасының жиілігін жолға қоюдың шұғыл қажеттілігі бар.

FlyArystan басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннс атап өткендей, 2022 жылы авиакомпания Семей қаласынан Шымкент қаласына қосымша авиамаршрутты орындады. Авиакомпания осы өңірдегі жолаушылар ағынын ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыратын болады.

Сондай-ақ, жақын арада Семей әуежайында өзін-өзі тіркеу сөрелері пайда болатыны белгілі болды. Олар кезексіз және қосымша ресурстарды пайдаланбай ұшу үшін құжаттарды рәсімдеуге, багажды өлшеуге және қажет болған жағдайда оны банк картасымен төлеуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылы Семей қаласында FlyArystan компаниясының тасымалданған жолаушыларының ұшып кету саңы 97 мыңға жуықтаса, ұшып келгендердің саны 95 мыңға жетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar