USD483.23EUR534.74RUB5.12

Этнограф. Тарихшы. Ғалым.

09 қараша 2022, 18:00
Областық тарихи-өлкетану мұражайында ғалым, этнограф, тарихшы, өлкетанушы, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі Мұхаметқазы Мұхамедиұлының 85 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті.
Этнограф. Тарихшы. Ғалым.

Өмірінің көп бөлігін ұстаздыққа арнаған Мұхаметқазы Мұхамедиұлы шәкірттерінің бойына білім нәрін сіңіру жолында еселі еңбек ете жүріп Жарма ауданында жұмысы өңір тарихын жаңғыртуға бағытталған музейдің негізін қалады. Мұнымен қатар өзінің табандылығы мен терең ізденісінің арқасында 700-ден астам ғылыми-танымдық, публицистикалық мақаланың авторы атанды.

Мұхаметқазы Мұхамедиұлының өлкеміздің тарихынан ақпарат беретін материалдық мұраны зерттеуге қосқан үлесі де ерекше. Бұрынғы заманда өмір сүрген жекелеген тұлғалар туралы жазған дүниелері да өз алдына бір төбе.

Кездесу кеші барысында қаламыздың зиялы қауым өкілдері – ғалымдар, оқытушылар, мәдениет және өнер саласының қайраткерлері Мұхамедқазы Мұхамедиұлының ұстаздық жолы мен ғылымға қосқан үлесі жайлы ойларын ортаға салды.

Мұхамедқазы Мұхамедиұлына облыс әкімшілігі мен мәдениет басқармасының атынан арнайы алғыс хаттар табысталып, иығына шапан жабылды. Мәдениет қайраткері, өнер жанашыры Адай Азаматов ғалымды 85 жасқа толуымен құттықтап арнайы медаль табыс етті.

Шара соңында мерейтой йесі, өңір тарихын зерделеудегі өлкетану музейінің рөлін айта келе, кездесу кешін ұйымдастырған мекеме ұжымына алғысын білдірді. Өзінің қаламынан туған бірнеше кітапты музей қорына сыйға тартты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar