USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейлік оқушы экофестивальде жеңімпаз атанды

09 қараша 2022, 11:36
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Пәкжан Ниязбек мектеп, колледж, жоғары оқу орындары эко-клубтарының арасында өткен «Зеленая школа» экофестивалінде І орынды жеңіп алды.
Семейлік оқушы экофестивальде жеңімпаз атанды

ECO Network компаниясы мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен фестиваль еліміздің барлық аумағын қамтып, ақтық сынға ең үздік деген 10 жоба іріктеліп алынған екен.

- Фестивальдің өтетіні туралы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясы арқылы білдік. Біздің мектеп аталған федерацияның толыққанды мүшесі. Соның арқасында шәкірттеріміз ЮНЕСКО аясында өтетін халықаралық деңгейлердегі түрлі тақырыптардағы іс- шаралардан хабардар болып, өздері де белсене қатысып отырады. Ал мына шараға қатысқан Пәкжан І орын ғана алып қоймай, 300 мың теңгенің сертификатына ие болды,-дейді федерацияның мектебіміздегі хатшысы, ұйымдастырушы-педагог-куратор Әйгерім Жұманиязқызы.

Шәкіртіміздің жеңімпаз болып танылған жобасы «Water from air» құрылғысы деп аталады. Оның өзектілігі – ауадан тұщы су өндіруінде.

- «Water from air» құрылғысы - ауадан суды конденсация әдісі арқылы алады. Жаңбырдан, тұманнан немесе шықтан пайда болған атмосфералық су буы тордың суық бетінде конденсацияланып, құрылғының төменгі жағында орналасқан резервуарға жиналады. Өнімділік ауа- райына тікелей байланысты.  Бірақ менің есептеуім бойынша күніне 100 литрге дейін су алуға мүмкіндік бар, -дейді Пәкжан Ниязбек.

Пәкжанның бұл жобаны қолға алуына еліміздің халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңіріндегі 5 ауылында жүргізген зерттеуі себеп болған. Аталған ауылдарда су тапшылығы сезіліп, тұрғындар суды тасып ішетіндігі анықталған. Жас зерттеушіміздің мақсаты ауыл тұрғындарына өз жобасы арқылы көмектесу.

Ермек Исабаев

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar