USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысында мұғалімдер форумы өтті

07 қараша 2022, 16:44
Форумға 200–ге жуық делегат қатысты.
Абай облысында мұғалімдер форумы өтті

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Абай облысыдағы жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты аймақтық форум ұйымдастырылды.

Форумға 200–ге жуық делегат қатысты.

Форумға қонақ ретінде Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев, Абай облыстық мәслихатының хатшысы Қуаныш Сүлейменов, Абай облыстық мәслихатының депутаты, даңқты балуан Айбек Нұғымаров, Семей қаласының JUSAN Банк директоры Әділет Оралбеков шақырылды.

Жиынға қатысушылар тақырыптық алаңдарда бас қосып, өзекті мәселелерді қозғаған сабақтар арқылы білімдерін жетілдірді.

Сонымен қатар «Эмоциялық мәдениет» тренингі, жас ұстаздардың шеберлік сабақтары өткізілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar