Қаланы жинау және қар мен көктайғақ кезінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 92 бірлік мамандандырылған жол-жинау техникасы, 4000 тоннадан астам инертті материал және 2500 м3 құм-тұз қоспасы дайындалды. Қалың қар жауған кезде жұмыс күші мен техниканың саны қажеттілікке қарай артады.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының тізбесіне көшелерді қардан және қар үйінділерінен тазарту, көшелердің жүргінші бөлігінің қар жамылғысын профильдеу, жол жиектерінен, беткейлерден және резервтерден қар үйінділерін алып тастау, қиылыстарды, аялдамаларды, көлік тоқтайтын қалталарды, отырғызу алаңдарын, көтерілулер мен түсулерді, тротуарларды тазарту жұмыстары кіреді.
Санитарлық тазалауға арналған қалалық аумақтың ауданы – 1179 көше, жалпы ұзындығы-756 км, сондай-ақ, 4 алаң, 11 сквер және 9 саябақты құрайды.