USD474.83EUR515.38RUB5.5

Облыс әкімі Преображенка ауылында болды

31 қазан 2022, 10:55
Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданына сапары кезінде сонымен қатар Преображенка ауылында орналасқан «Өрнек» балабақшасында болды.
Облыс әкімі Преображенка ауылында болды

Ауылда «Өрнек» балабақшасы 2014 жылы ашылды. Балабақша 60 орынға арналған. Мұнда жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, өңір басшысы Преображенка орта мектебіне барды. Мұнда 1-11 сынып аралығында 204 бала білім алады.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев сондай-ақ Преображенка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды.

Амбулаторияда стационарды алмастыратын медициналық көмек, амбулаториялық-емханалық және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Өңір басшысы құрылыс басқармасына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы сұрақты назарға алуды тапсырды.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы аясында, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі жақсарту үшін Көкпекті ауданында Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Қарамойыл, Үшкөмей, Үлгілі малшы ауылдарында 6 жаңа дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланып отыр.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar