Бұл серіктестік 1996 жылы құрылған.
Мұнда өсімдік және мал шаруашылығымен айналысатын 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Ферма басшысының айтуынша, бір сиырдан жылына 3 500 литр сүт сауылады.
Жер учаскелерінің жалпы ауданы 35 мың гектардан асады.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасындағы маңызы ерекше екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны– 45 907 болса, оның 1300-і Көкпекті ауданының аумағында орналасқан», - деді облыс әкімі.