Іс-шара Мүгедектер күніне және балалар жылына орайластырылған. Сахнада балалар кәсіби әртістермен және вокал бойынша оқытушылармен өнер көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысының өз тәлімгері болды. Қатысушылардың айтуынша, фестивальге дайындалу оңай шаруа емес.
Фестивальге Абай облысының сегіз ауданынан қатысушылар қатысты.
Гран-при Семей мен Аягөзден келген қатысушыларға бұйырды, бірінші орынды Жарма, Көкпекті және Бесқарағай аудандарынан келген балалар иеленді. Қалған аудандар екінші және үшінші орындарға ие болды.