USD491.7EUR531.28RUB5.07

Семейде Қазақстандағы жалғыз өрт бақылау мұнарасы сақталған

26 қазан 2022, 15:20
Сәулет ескерткіші болып табылатын өрт бақылау мұнарасы Семейде 1927 жылы тұрғызылған. Екі қабатты ғимараттың жобасы бойынша сол кезде өрт сөндіру бригадасына арналған негізгі және қосалқы бөлмелер болған.
Семейде Қазақстандағы жалғыз өрт бақылау мұнарасы сақталған

Өрт сөндіру бекетінің ғимаратында өрт сөндіру көліктері шығатын бес қақпалы көлік тұрағы мен екі мұнара салынған. Оның бірі аймақты қарауға арналған болса, екіншісі өрт сөндіру құбырішектерін кептіруге арналған.

Сонымен қатар ескі қалада ғимараттардың басым көпшілігі ағаштан жасалған әрі бір-біріне жақын салынған. Өртті байқаудың басқа мүмкіндігі болмағандықтан өрт бақылау мұнарасы қала тірлігі үшін өте қажет болды. Онда үнемі күзет қойылып отырды.

Қатаң талаптарға сәйкес болған адамдар ғана күзет қызметі алынған. Олар ұқыпты, шыдамды болып қана қоймай, қаланың барлық ауданын жақсы білуі, түтіннің түсіне қарап, өрттің ауқымын анықтай білуі тиіс еді.

Олар тәуліктің кез келген уақытында, жылдың кез келген күнінде өрт сөндірушілерге өрт апаты туралы ескертіп отырды. 1950-ші жылдардың басында мұнарада кезекшілік ету тоқтатылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar