Мекеме қызметкерлері мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Биғазиев мекеме басшылығы атынан сыйлықтар табыстап, игі тілектерін білдірді.
Ардагер Кутко Владимир Макаровичке барғанымызда қонақжай қожайын қонақтарды жылы лебізбен қарсы алды. Шынайы әңгіме барысында ол еліміздің сонау жылдарын еске алып, жеке мұрағатындағы сарғайған фотосуреттерді көрсетті.
Ол 25 қазанның шын мәнінде еліміз үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Мемлекеттің даму тарихын жас ұрпаққа жеткізу керек. Ал олардың міндеті – оны құрметтеу, деп санайды ардагер.