USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей қаласының Степной кентінде жаңа мектеп ашылды

21 қазан 2022, 17:08
Абай облысының орталығы Семей қаласының Степной кентінде заманауи талаптарға сай 300 орынға арналған жаңа мектеп ашылды.
Семей қаласының Степной кентінде жаңа мектеп ашылды

Жаңадан салынған мектеп спорт залы, 108 орынға арналған асхана, 100 орынға арналған акт залы, зертхана кабинеттері мен шеберхана, жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында арнайы 24 ішкі және 15 сыртқы бейнекамера орнатылған.

Әр оқу кабинеті 19 интерактивті тақтамен, 19 маркерлі тақтамен, 23 телевизормен жабдықталған. Физика, химия - биология кабинеттерінің жанында зертханалық кабинет жасалған. Физика кабинетінде оқушылардың партасына арнайы тоқ көздері тартылған, ал химия – биология кабинетінде әр оқу партасында су құбыры және кәріз жүйесі қосылған.

Информатика пәні бойынша 13 оқушы жеке отырып, білім алатын 2 оқу кабинеті компьютерлермен жабдықталған. Кітапхана жүйесі: әдеби – көркем шығармаларды сақтайтын кітапхана қоры және 20 орындық оқу залынан тұрады.

Оқушыларды медициналық тексеру және профилактикалық екпе шаралары медициналық кабинетте жүзеге асырылып, алғашқы көмек көрсетіледі.

108 орындық асхана оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Жуынатын бөлмесі мен киім сақтайтын бөлмелері бар бар кең спортзал жасалған.

Есік алдындағы волейбол, баскетбол, футбол алаңдары оқушылардың спортпен айналысуына мүмкіндік бар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar