Жұмыс сапары барысында, ең алдымен, әкім өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру үшін орталықтың қызметімен танысты. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, құқықтық психологиялық, экономикалық, мәдени-еңбек қызметтері көрсетіледі.
Қала әкімі орталықтың қызмет алушыларымен әңгімелесті. Сондай-ақ қалада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін дағдарыс орталығын ашу мәселесі қозғалды.
Сапар соңында Н. Нұрсағатов Семей қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келді, оның жұмысы қарт адамдарға, атап айтқанда 1000-нан астам зейнеткерге денсаулықты қолдауға, қолайлы және кедергісіз орта құруға, оларды белсенді әлеуметтік өмірге тартуға бағытталған.