«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КЕАҚ студенттері Республика күніне орай флешмоб өткізді.
Жастар мемлекеттік рәмізді бейнелеп «Атамекен» патриоттық әнін орындады. Шараға 3000 адам қатысты.
Олар еліміздің үздік оқу орындарын челленджді жалғастыруға шақырды.