Мереке қарсаңында 22-23 қазан күндері Северный, Дальный, Жоламан базарларында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Ал 25 қазан күні этномәдени бірлестіктер шеруі, мемлекеттік туды салтанатты түрде жоғары көтеруден басталатын шара ары қарай концерттік бағдарламалар мен спорттық іс-шаралармен жалғасын табады.
Қаланың мұражайлары мен кітапханалары тұрғындарға ашық есік күнін өткізеді. Сондай-ақ, жаңа мектеп, спорт модулі және басқа да нысандардың ашылуы мерекемен тұспа-тұс келіп отыр.
Сағат 19.00-де орталық алаңда отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт, сағат 22.00-де мерекелік отшашу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар Абай облысының барлық аудандары мен қалаларында өтеді.