Мәдени шараға жазушылар одағының Семей филиалының төрағасы М. Қарт, «Қазақ тілі» халықаларық қоғамының вице-президенті, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі О.Шәріп, «Жастар» орталығының өкілдері, «Қайнар», Д. Қалматаев атындағы Семей медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы туралы ақпараттар бере отырып, Отанға деген азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кітапхана мамандары мәдени шараға қатысушылардың назарына қазақ хандығының қалыптасу кезеңінен бастап, Қазақстанның даму тарихына және 30 жылдан аса уақытта жеткен әлеуметтік-экономикалық, мәдени, халықаралық қатынастардағы жетістіктерге шолу жасап, ақпараттар берді.
Көрме ағымдағы жылдың 5 қарашасына дейін жалғасын табады.