USD484.37EUR531.06RUB5.05

Кәмелетке толмаған қызды көлік жолда қағып кетті

19 қазан 2022, 14:40
Абай облыстық полиция департаменті ағымдағы жылдың 18 қазанында сағат 18:33-те "LADA" маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Өскемен көшесімен келе жатып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, кәмелетке толмаған қызға соқтығысуға жол бергенін хабарлады.
Кәмелетке толмаған қызды көлік жолда қағып кетті

2015 жылы туған қыз оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Осы факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы).

Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Абай облыстық полиция департаменті қаза тапқан қыздың жақындарына көңіл айтады және барлық көлік жүргізушілеріне автожолдарда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін, оның ішінде белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға жүгінеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar