
«Тұтқиылдан келген апатқа тайсалмай қарсы тұратын, сын сағатта ерен ерлік жасайтын Ербол сынды азаматтар барда қандай болсын қатерге төтеп береміз. Сондықтан Сіздің жасаған ерлігіңіз бен отансүйгіштігіңіз үшін алғыс айтамыз», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Естеріңізе сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айында Абай ауданы Тоқтамыс ауылдық округінің алқаптарында дала өртеніп, 950 гектарға жуық аумақты жалын шарпыған.
Өртті сөндіруге 168 адам мен 27 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге Тоқтамыс ауылының тұрғындары да белсенді ат салысты.
бірі — Ербол Рахин. Ол тілсіз жаумен арпалысып жүргенде жан-жағын шарпыған оттың ортасында қалады. Жылдам әрекет етуінің арқасында өрт болған жерден жүгіріп шығады. Алайда оның екі қолын және тізесін күйік шалған.