USD483.23EUR534.74RUB5.12

Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

11 қазан 2022, 15:18
Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымына Алмас Абаев тағайындалды.
Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

Алмас Емелтайұлы Аягөз қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар.

2011 жылдан бастап тылдық қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әкімшілік жұмыс департаменті, мемлакеттік сатып алу салаларында түрлі мамандық бойынша еңбек еткен.

2014-2015 жылдары Астана қаласы бойынша ЕЦ-166/1 ДУНС, тылдық қамтамасыз ету ету бөлімінің бастығы

2015-2016 жылдары «Даму ИТД-2017» ЖШС директордың орынбасары

2016- 2017 жылдар "Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ, іс жүргізуші, Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастру бөлімі бас маманының міндеттерін уақытша атқарушы.

2017-2018 жылдары Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы.

2018-2020 жылдары Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бөлім басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасында бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу ресімдері өткізу бөлімінің бөлім басшысы болды.

2020 – 2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі "Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы заңнамасы департаменті" мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы әдіснамасы басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы заңнамасы департаменті" директорының орынбасары.

2021-2022 жылда "Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басқарма басшысының орынбасары.

2022 жылы "Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar