
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары "Астана - жаңа қала"арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
"Қазтехнология" АҚ бас менеджері. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеді.