
Талғат Батырұлы Алматы облысы Қаратал ауданы Кальпе ауылында дүниеге келген.
2007 жыл - Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жыл - Қазақстан инновациялық университетін, 2018 жыл - Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы "Стройдеталь" жеке кәсіпорынның атқарушы директоры қызметінен бастаған. Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызметте болған.
2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды.
2018 – бүгінгі күнге дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.