Айдар Маратұлы еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісі ретінде бастаған.
2004-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекші маманы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының көмекшісі, ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің талдау және әлеуметтік-саяси жағдайлар секторының бас маманы, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бастығы болды.
2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, 2013 жылдың наурызынан 2013 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік филармониясының директоры қызметтерін атқарған.
2013 жылдың қазан айынан «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2013-2015 жылдары Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, 2015 жылдан 2022 жылға дейін Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.