
Бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек инспекциясының мәселелерімен айналысады.
Азамат Қайырбекұлы ШҚО, Самар ауданында туған. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін аяқтаған.
Еңбек жолын Өскемен қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Халықпен жұмыс жөніндегі маманы болып бастаған. Одан кейін қалалық мәслихат аппаратының нұсқаушысы, ШҚО құрылыс, сәулет және ТҮКШ басқармасының, ШҚО Құрылыс және сәулет басқармасының, ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасының әртүрлі бөлімдерінің маманы, ШҚО энергетика, ТҮКШ, құрылыс және көлік басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
2005-2007 жылдар аралығында ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Одан кейінгі жылдарда ҚР Қорғаныс министрлігінің жанындағы «Қазтехнологии» АҚ-тың вице-президенті, басқарушы директордың кеңесшісі болған. «Астана» ӘКК ҰК» АҚ басқарушы директоры лауазымында еңбек еткен.
2021-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-та экспорттаушылардың шығынын жабу жөніндегі департамент директорының орынбасары болған.