Ержан Әнуарбекұлы "Семей" мемлекеттік университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. Дене шынықтыру және спорт магистрі, PhD докторы.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде 2001 жылдан бастап "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының аға оқытушысы, 2016 жылдан 2022 жылға дейін осы кафедраның қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының төс белгісімен, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Құрмет белгісімен марапатталған.