Бұл орайда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ұстаздар қауымының еңбегіне жеміс тілеп, кәсіби мерекемен ең үздік мұғалімдерді құттықтады.
Бүгінде облыста 13 мыңнан астам мұғалімге ұрпақ тәрбиелеу миссиясы жүктелген.
Жас жеткіншіктерге білім мен тәрбие берудегі өлшеусіз еңбектерін ескере отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін Абай облысының Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Омарова Разия Кабышевна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі», Құрмет грамотасымен, Абай Облысының білім басқармасының және Абай облысы мәслихатының Құрмет грамоталарымен үздік ұстаздар марапатталды.