USD474.83EUR515.38RUB5.5

Сексендегі чемпион!

03 қазан 2022, 16:20
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Құмкөл ауылының тұрғыны Какимов Амангелді ақсақал 1942 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген.
Сексендегі чемпион!

Ақсақал жұбайы екеуі үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді.  Олардан 12 немере, 3 шөбере сүйіп отырған бақытты ата мен әже.

Аман аға қатты ауырғаннан кейін спортпен шұғылдануды бастаған. Ол кезде 55 жаста болатын. Жүгіруден бастап, суық суға шомылды, жас кезінде күреспен айналысқан, оның да септігі тиді.

Үйдегі малдарды қарап тыным таппайды. Соның нәтижесінде ауруынан сауығып, спортпен шұғылдануды әдетке айналдырды.

25 жыл үзбей спортпен айналысып, 80 жасқа толғанда Алматыда өткен халықаралық " Марафон - 2022" сайысына қатысып, 12 мың қатысушылар арасында 21 шақырымды 2 сағат 48 минутта өтіп, чемпион атанды.

Құтты болсын айта келе, ақсақалға мықты денсаулық тілейміз! Еңбектеген жастан, еңкейген қарияға дейін үлгі боларлық жағдай.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar