USD474.83EUR515.38RUB5.5

Мерейтойға арналған түрлі спорт жарыстары өтті

03 қазан 2022, 16:02
Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған кіші футболдан өткен жарыста 1-ші орынды Абай ауданы құрама командасы алды.
Мерейтойға арналған түрлі спорт жарыстары өтті

2-ші орынды Ақсуат ауданы, 3-ші орынды Уржар ауданы иеленді. Жүлделі орын алған командалар медаль, кубок және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ күресінен (74 келіге дейін) салмақта 1-ші орынды Барыс Қуан, 2-ші орынды Тұқышев Дидар, 3-ші орынды Тұрсынғазиев Нұрғали және Құмаров Сұңғат иеленсе, 74 келіден жоғары салмақта 1-ші орынды Тұрсынов Мұхит, 2-ші орынды Әнуарбеков Ермахан, 3-ші орынды Ахметжанов Әсет және Шамшиев Саят иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған спортшылар медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Ат спорты ойындарында топ бәйгеден 1-ші орынды Қалбатау ауылынан Имадилов Ерболат, 2-ші орынды Абай ауданынан Кәбер Қанат, 3-ші орынды Абай ауданынан Аяпбергенов Қымбат, 4-ші орынды Қарқалалы ауылынан Фаткулин Теміржан иеленді.

Жорға жарысынан 1-ші орынды Күршім ауданынан Қасымханов Нұрлан, 2-ші орынды Абай ауданынан Аяпбергенов Қымбат, 3-ші орынды Күршім ауданынан Оразбек Базарбай, 4-ші Абай ауданынан Аяпбергенов Қымбат иеленді.

Аламан бәйгеден бас жүлдені Түркістан облысынан келген Әшірбеков Айдар, 2-ші орынды Қарағанды облысынан Қадірберлин Дәулет, 3-ші орынды Аягөз қаласынан Толқынбаев Талғат, 4-ші орынды Павлодар облысынан Накенов Әділ, 5-ші орынды Ақсуат ауданынан Сембаев Аян иеленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar