
Көрмеге Әуезов шығармашылығы арқау болған суретшілердің туындылары қойылды. Олардың қатарында Г.Исмаилованың «М.Әуезов» портреті, И.Исабаевтың «М.Әуезов. Абай жолы», М.Қисамединовтың «Мухтар Ауэзов» графикалық жұмысы, жергілікті суретшілер Ғ.Макаров, Н.Өтепбаев, Т.Байғалиевтің жұмыстары бар.