Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев облыс орталығындағы арықтардың ұзындығы 50 шақырымды құрайтынын, олар Мирный, Красный кордон, Восточный кенттерінде және Омбы көшелерінде өтетінін айтты.
"Мемлекеттік сатып алуларға сәйкес байқауды "Семей Зеленстрой" кәсіпорны жеңіп алды. Осы бағыт бойынша жұмыстар басталды. Қазір шөп шабу, қамыс шабу және арықтарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бір жерде өтетін құбырлар бітеліп, оларды тазартады. Жұмысшылар қыста судың тежелуі мүмкін болатын жерде айналдыра жасайды. Арықтар бау-бақшалар арқылы да өтеді, бірақ бұл мәселені біз қазір үй иелерімен жеке пысықтап жатырмыз", — деп түсіндірді А.Өтелбаев.
Сондай-ақ, ТКШ басшысы қыс мезгілінде жолдардағы барлық су өткізу құбырлары тазаланатынын атап өтті.