USD474.83EUR515.38RUB5.5

Облыстық маңызы бар жолдар тексерілді

27 қыркүйек 2022, 16:58
Облыстық маңызы бар «Семей – Долон – Бесқарағай – Ерназар – Қоянбай» автомобиль жолы. Жалпы ұзындығы 184 км.
Облыстық маңызы бар жолдар тексерілді

Жүргізілген жұмыспен Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рамиль Досмағанбетов танысты.

Биыл осы учаскені күтіп-ұстау шеңберінде маршруттық тәсілмен 15000 м2 жабынға шұңқырларды жөндеу, жол жиектерін жабайы бұталардан тазарту және пішіндеу, дала жолақтарын жырту және қиыршық таспен жабылған учаскелерді грейдирлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұдан басқа, жолдың 157-184 км бөлігі тексерілді, онда 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Тексеру қорытындысы бойынша осы жылдың 20 қазанына дейін қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ 2023 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дейін су өткізу құрылыстарының қосымша құбырларын ауыстыру және орнату жөнінде қажетті жұмыстарды жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar